Слушать Мирас Жугунусов - Sen gana.mp3

Мирас Жугунусов - Sen gana
  • Слушали: 12
  • Размер: ~ 7 MB
  • Длительность: ~ 02:45
  • Качество: 320 kbps
  • Добавлено: 05 июль 2025
Текст песни

Өзің ғана сырын білдің жүректегі қағыстың,
“Сезім” деген қанат бердің, жоғарыға тағы ұштым,
Енді екеуміз жүрміз арасында жер шары мен ғарыштың.
Сеніменен танысып -
Бақытыммен табыстым.
Сенен білдім махаббаттың маңызын,
Әрлеген сезім аңызын, -
Бір өзің менің жалғызым.
Сені мен ғана,
Мен ғана сүйсем бола ма?
Соңғы демім қалғанша,
Қанатымыз талғанша.
Мені сен ғана,
Сен ғана сүйсең бола ма?
Соңғы күнге жеткенше,
Өмір өтіп кеткенше,
Жаным?
Себептің бәрі,
Кетсін әрі.
Керегі оның жоқ бізге.
Жүректің әні,
Сәттер ғана,
Тек екеуміз өткізген.
Сенші сені мен бір күні,
Шын бақытқа жеткізем.
“Арылдым-ау” деп күзден,
Үміт көрші тек бізден,
Жаным сені мен ғана,
Сүйейін, мені сен ғана.
Күндерді мүлдем санамай,
Қиындықтарға қарамай.
Сені мен ғана,
Мен ғана сүйсем бола ма?
Соңғы демім қалғанша,
Қанатымыз талғанша.
Мені сен ғана,
Сен ғана сүйсең бола ма?
Соңғы күнге жеткенше,
Өмір өтіп кеткенше,
Жаным? 

Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив